Компания туралы

 «Сапаинжиниринг» ЖШС 2006 жылы құрылды.

Компания инженерлік желілерді, халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі жөндеуді, реконструкциялау мен салуды қадағалау, сондай-ақ барлық санаттағы автомобиль жолдарын жобалау және іздестіру саласындағы инжинирингтік және консалтингтік қызмет көрсету мақсатында құрылған. 

«Сапаинжиниринг» ЖШС-ның Қазақстан Республикасы Алматы облысының Талдықорған қаласында жақсы жабдықталған және орталығында қолайлы орналасқан кеңсесі бар. Сондай-ақ компания өз жобаларын қызметтердің ауқымды түрлерімен, оның ішінде материалдық-техникалық қамтамасыз етумен, қызметтік үй-жаймен, көлік құралдарымен және басқа да әкімшілік қызметтермен қамтамасыз етеді. «Сапаинжиниринг» ЖШС 2006 жылдан бастап өзінің өндірістік қызметін атқарып келеді. Компания өз қызметінде инжинирингтік қызмет көрсету қағидаларын, оның ішінде Қазақстанның автомобиль жолдарын салу және жөндеу жөніндегі үлгілік техникалық ерекшелік жинағын (1-бөлімі, 2-бөлімі, 3-бөлімі), ҚРҮҚ 218-34-04- Автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезінде жұмыстардың сапасын бақылау және оны қабылдау жөніндегі нұсқаулықты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 маусымдағы №635 қаулысымен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында инжинирингтiк қызметтер көрсету ережесiн және ҚР басқа да қолданыстағы нормативтерін, 1041 ҚР СТ, РД 50 ҚР 10 басшылыққа алады. 

Нарықта автомобиль жолдарының құрылысын қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтер көрсететін компания бола тұра, өзін жауапты, іскер және адал әріптес ретінде жақсы жағынан көрсете білді. Аталған нарықтағы қысқа уақыт аралығындағы жұмысында компания жоба Тапсырушыларымен тығыз қарым-қатынас жасап, экономиканың дамуына, әлеуметтік және басқа да маңызды бағдарламаларда айтарлықтай маңызы бар Қазақстан Республикасының Алматы облысында автомобиль жолдарын реконструкциялау кезінде құрылысты қадағалау қызметтерін көрсетті. 

Қазақстан Республикасына автомобиль жолдарын реконструкциялау мен салуды қадағалаушы инженер қызметі 2005 жылы халықаралық жобалар тәжірибесі бойынша енгізілгенін атап өткен жөн. «Сапаинжиниринг» консалтингтік қызметтерді көрсету үшін Қазақстанда алғашқы болып құрылған компаниялардың бірі. Компания басшылығы Тапсырыс берушімен мүдделер қайшылығын тудырмайтын саясатты қатты ұстанады. Жобаларды іске асыру барысында даулы мәселелер туындаған кезде компания дау-дамайды құрылыс сапасын жақсарту және Тапсырыс берушінің мүддесін қорғау жағынан шешу үшін бар күш-жігерін салады. Компания жобаларды іске асыруы барысында Мердігер ұйымдар мен Тапсырыс берушілерде бірқатар жақсы пікір қалыптасқан.

Уақыт талабына сай аса сапалы қызмет көрсету үшін компания ҚР СТ ИСО9001-2009 «Менеджмент және сапа жүйесі», ҚР СТ ИСО 14001-2006 «Экологиялық менеджмент жүйесі», СТ РК ОНSAS 18001-2008 «Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесі» халықаралық стандартын ендірді, оны автомобиль жолдарын және инженерлік желілерді салу кезінде жобалау, іздестіру және техникалық қадағалау мен технологиялық сүйемелдеу қызметтерін көрсету үшін қолданады. 

Компания мамандары сапа жөніндегі басшылық рәсімдері және ИСО 9001-2009, ҚР СТ ИСО 14001-2006, ҚР СТ ОНSAS 18001-2008 сапа менеджменті жүйесімен бекітілген операциялық бақылау схемасы бойынша құрылыс материалдары мен жұмыстардың сапасына, сондай-ақ асфальтты бетон мен цемент-бетоннан жасалған материалдарды дайындау кезінде пайдаланылатын материалдардың сапасына бақылау жасайды.

Компания активінде жол құрылысы мен инженерлік желілер саласында үлкен жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті әкімшілік-басқарушы, инженерлік-техникалық персоналы бар. Сонымен қатар компания жас мамандарды да тартуда, бұл құрылыста және жаңа құрылыс материалдарын қолдануда компьютерлік техниканы және жаңа технологиялардың теориялық білімін  игерудің заманауи дағдыларын меңгерген жас мамандардың ақылы мен білімі ұштасқан компаниядағы көпжылдық тәжірибеге өзіндік симбиоз болады. Аға буын әріптестерінің тәжірибесі мен білімін меңгеріп, алған тәжірибесін заманауи құрылыс әдістерінде қолданып, өзінің білім деңгейін көтеретін жас мамандар республикамыздың жол жөндеуші инженерлердің болашақ тірегін қалыптастырады.

Компания персоналы тренингтердің, семинарлардың, біліктілігін арттыру курстарының әртүрлі бағдарламалары бойынша үнемі жетіліп отырады. Персонал штатын ұлғайту қажеттілігі туындаған жағдайда жол құрылыс саласындағы мамандардың үлкен базасы бар.

 

Қазақстан Республикасы, Алматы облысы,
Талдықорған  қ. 040000, Тәуелсіздік көш.,  53 үй, 32 к
тел.: +7 771 0330746, факс: +7 7282 24 66 32
E-mail: sapa_eng@mail.ru